Текст
Дмитриевская орта мектебінде бірінші сынып оқушылары арасында «Қоштасу кітапшасы» мерекесі өтті. Бұл күні бүлдіршіндер өз білімдерін көрсетіп, көңіл көтерді, тақпақ айтып, ән шырқады. Мерекемізге Бурабай ауданының әкімі – Садықов Арай келді. Балаларды мерекелерімен құттықтап, 1-сынып оқушыларына естелік сыйлықтар табыстап, балаларға соңғы қоңырауға келуге уәде берді.