«Ақмола облысы білім бөлімінің Бурабай ауданындағы білім бөлімінің Дмитриевка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение “Основная средняя школа села Дмитриевка отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған диктанттар жинағы

«Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Дмитриев ауылының негізгі орта мектебі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ

тілі мұғалімдеріне арналған диктанттар жинағы

 

Бақылау диктанттары 7,8-сынып

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  Рахимжанова Г.Ш.

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

 

         Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 7,8-сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.

         Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Әр диктанттан кейін деңгей  бойынша грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді. 

         

  Диктантты бағалау нормалары:

«5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

«3» деген баға: емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;

«2» деген баға: емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.

 

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:

«5» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесіз орындаса;

«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;

«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;

«2» деген баға: деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7- сынып

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған алғашқы  бақылау жұмысы

 

Мақсаты: 6-сыныпта  өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін нақтылап тексеріп, қорытындылау және сауатты жазуға баулу.

 

                                    Дене шынықтырудың пайдасы.

 

        Дене шынықтырумен шұғылдану-әр оқушының міндеті. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Спорттың түрі көп: жеңіл атлетика, футбол, волейбол, бокс, үстел теннисі. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.

       Тез қимылға, шапшаң қозғалысқа үйрететін шығыс спортының түрлері бар.  Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді. Бала кезінен спортпен айналысу арқылы республикамызды әлемге танытып, даңқын шығарған спортшылар аз емес. (63 сөз)

(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-69 бет).

 

   Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей

  1. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

Үйірме

  1. Асты сызылған сөзді септеңіз.

Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.

  1. Асты сызылған сөзді сөз құрамына талдаңыз

Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс.

 

ІІ деңгей

  1. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.

Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.

  1. Берілген етістікті үш шақта жіктеңіз

шұғылдану

 

І деңгей

 1. Үйірмелер туралы шағын әңгіме жазыңыз.

І нұсқа. «Спорт үйірмелері».

ІІ нұсқа. «Мектептегі үйірмелер».

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған І тоқсандық диктант

 

Мақсаты: оқушылардың бөлім бойынша алған білімі мен сауаттылығын тексеру.

 

Қазақ тілі–мемлекеттік тіл

 

Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады.Тіл ұлтпен - ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-біріне қатынаса алады. Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, бүгінгісін бажалап, болашағын бағдарлауға жол ашты. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді «Қазақ мемлекеті»- деп атайтын боламыз деген Елбасымыздың салиқалы сөзі еріксіз ойға оралады.

(74 сөз)

http://www.adilet.gov.kz

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған мазмұндама

Мақсаты: бөлім бойынша өтілген материалдарды қаншалықты игергенін анықтау, есте сақтау қабілеттерін тексеру.

Уақыт - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Уақыт қайтып келмейді, сондықтан бос уақытты сарп етпей, тиімді қолдана білу керек. Себебі, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан. Уақытты тиімді пайдалану - табысқа жетудің бірден бір кепілі. Сонымен, "уақтты қалай тиімді пайдалану керек?" деген сұраққа мен келесідей ақыл - кеңес беретін едім:

  1. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі.
  2. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмай, алдымен бір істі бітіріп, сосын келесісіне көшіңіз.
  3. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.
  4. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.
  5. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?" Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
  6. Уақытты тиімді пайдаланудың тағы бір жолы - уақытыңызды босқа алатын теледидар көру, әлеуметтік желілерде отыру, телефон арқылы ұзақ сөйлесу т.с.с. нәрселерден бас тарту.

        Ал, сіз осы айтылған ақыл – кеңестің қайсысын қолданасыз?

 

Интернет желісінен. Қазақтың ұлттық тағамдары.

                                    

     

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты: тоқсан бойы лексика-грамматикалық тақырыптарды  қаншалықты игергенін анықтау,  сауаттылығын тексеру.

 

І Лексикалық тапсырмалар:

  1. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңдар

Наследие-

Почитаемый-

Неоценимое-

Статус-

Гордость-

  1. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңдар

І нұсқа: ана тілі, қазақша, парыз, құттықтаймын

ІІ нұсқа: қазақ тілі, білу, сыйлық, құрмет

  1. Шашыранды сөздерден дұрыс сөйлем құраңдар

І нұсқа: демалысым, өтті, менің, жазғы, өте, көңілді

ІІ нұсқа: демалыста, отбасымызбен, бардық, шетелге, бірге

  1. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер
  1. Мемлекеттік тіл қаша мемлекеттік мәртебе алды?
  2. «тіл туралы» Заң қашан қабылданды?
  3. Сенің ана тілің қай тіл?
  4. Сен қазақ тілін жақсы білесің бе?
  5. Қазақ тілін үйрену үшін не істеу керек?

      5.»Сыйлық» деген тақырыпқа 3 сөйлем жазыңдар

 

ІІ Грамматикалық тапсырмалар

  1. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар

І нұсқа: үйрену

ІІ нұсқа:түсіну

  1. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар

І нұсқа: қазақ тілі

ІІ нұсқа: мемлекеттік

  1. Берілген сөздерді септеңдер

І нұсқа: менің ана тілім. ІІ нұсқа: менің туған күнім

  1. Берілген етістікті өткен шақта жіктеңдер

І нұсқа: жауап беру. ІІ нұсқа: орындау

  1. Сөйлемді аяқтап, бірінші компонентін талдаңдар

І нұсқа: қоңырау соғылды, ........    ІІ нұсқа:  суық күз келді, ......

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант

 

Мақсаты: оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін анықтап, сөздік қорларын, сауаттылығын тексеру.

 

Қымыз

Қымыз—қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қазақтың ұғымында ең дәмді қымыз ысталған ыдыста сақталады. Қымызды ағаш күбіге немесе торсыққа ыстайды. Ысталған қымыз тәтті болу үшін қымызға жылқының қазысын немесе жалын салып қойып, көп піседі. Алғашқы қымызды ауылдың қарияларын шақырып таттыру рәсімін орындаған. Ол ырымдар бие сүтінің мол болуын тілеуге, бата беруге арналған.   (63 сөз)

 

Интернет желісінен. Қазақтың ұлттық тағамдары.

                             

            

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы

 

Мақсаты: оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін  нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.

 

Бөрік.

 

       Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік, жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады. Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген. (69 сөз)

Интернет желісінен.

 

  Лексика-грамматикалық тапсырмалар:

ІІІ деңгей.

1. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді тәуелдеңдер.

І нұсқа. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі.

ІІ нұсқа. Күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.

2.  Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді құрамына қарай талдаңдар.

І нұсқа. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды.

ІІ нұсқа. Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп.

3. Мәтіннен 3 етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар.

 

ІІ деңгей

1. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңдар

І нұсқа: Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады.

ІІ нұсқа: Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.

2.Берілген етістікті рай түрлеріне қойып жіктеңдер.

І нұсқа: киеді (шартты рай )

ІІ нұсқа: киеді (қалау рай)

 

І деңгей

Ұсынылған тақырыптар бойынша шағын әңгіме жазыңыз.

І нұсқа. Тымақ

ІІ нұсқа. Шапан

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты: оқушылардың тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

Лексикалық тапсырмалар:

  1. «Ұлттық тағамдар» тақырыбына байланысты 5-сөз жазыңдар.
  2. Берілген шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастырыңдар.

Міндетті, соғым, түрде, қуырылады, мол, кейін, қуырдақ, сойылғаннан.

  1. Берілген сөздердің аудармасын жазыңдар.

Осенний забой скота, мясо по-казахски, жареное мясное блюдо, храниться, забой скота на зиму.

  1. Сұрақтарға төменде берілген керекті сөздерді пайдалана отырып, жауап беріңдер.
  1. Жолға шыққанда киетін киім .........болуға тиіс.
  2. Қазіргі кезде жастардың киімі......... .
  3. Мектептерде барлық оқушылар киіп жүруге міндетті ............. болады.

Керекті сөздер: қарапайым, мектеп формасы, сәнді.

      5.«Киім кию туралы» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.

 

Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Берілген сөйлемге тиісті септеулік шылауды қойыңдар.  Ол достарымен ...... шай ішті.
  2. Сөйлемді түсініп оқып, қарамен жазылған сөздің синонимін табыңдар.

Қазақ отбасылары өздерінің сыйлы адамдарына, туыстарына шұжықты сыбаға ретінде сақтайды.

  1. Төменде берілген тұйық етістіктерді рай түрлеріне қойып жазыңдар.

І нұсқа. Ескеру, сақтау.

ІІ нұсқа. Сатып алу, санау.

  1. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа. Үйге киетін киім қолайлы, әдемі, таза болса, жарасымды болар еді.

ІІ нұсқа. Киімдер ыңғайлы және орынды қолданылатын болуы керек.

  1. Берілген сөйлемдегі етістіктің райын анықтаңдар.

І нұсқа. Аяқ киімнің лас болуы иесін жақсы жағынан сипаттамайды.

ІІ нұсқа. Жастарға арналған киімге ерекше назар аударылсын.

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сынпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант

 

Мақсаты: оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін  нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.

 

Ермегім-кітап оқу.

 

    Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалім сабақ берді. Бір күні ол сабақ үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкен оқиғаларын» дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отырды. Сабақта біз оны оқып үлгермедік. Кейін мен оны бір жолдасымнан алып, қызыға оқып шықтым. Содан бастап менің ермегім тек қана кітап оқу болды. 

   Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алу керек. (76 сөз).

(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-56 бет)

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған тақырыптық тест

Мақсаты: оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін анықтап, олқылықтарын бақылау,  қорытындылау.

1.  Адам өмірінің ұзаруына, салауатты өмір сүруіне таптырмас құралды анықтаңдар.

А)  сұлулық

В)  шыдамдылық

С)  спорт

Д)   жаттығу

Е)  саяхат

2.  Бір ..., алты ..., жеті ...  сөздеріне жалғанатын жұрнақтарды анықтаңдар.

А)   -інші, -ыншы, -ншы

В)   -ыншы, -ншы, -інші

С)   -ншы, -інші, -ыншы

Д)  -ншы, -нші, -ыншы

Е)   -інші, -ншы, -нші

3.  С.Қонақпаев кім болғанын анықтаңдар.

А)  боқсшы

В)  күресші

С)  желаяқ

Д)   футболшы

Е)  шахматшы

4.  Ортақ етістің жұрнағын табыңдар.

А)  -дыр, -дір

В)  -ын, -ін

С)  -ыл, -іл

Д)  -ыс, -іс

Е)  -а, -е

5.  Футбол ойынның Отанын  табыңдар.

А)  Сидней

В)  Англия

С)  Рессей

Д)  Қазақстан

Е)  Үндістан

6.  Тейквондо күшті керек емес жерде пайдалануға тыйым салады. Берілген сөйлемде етістікті тіркесті анықтаңдар.

А)  тыйым салады

В)  керек емес

С)  күшті пайдалануға

Д) күшті емес

Е) жерде пайдалану

7. Қысқы спорт түрін анықтаңдар.

А) ауыр атлетика

В) футбол

С) күрес

Д) шаңғы тебу

Е) шахмат

8. «Шахмат»  сөзіндегі  «шах»  сөзінің  мағынасын  табыңдар

А)уәзір

В) хан

С) әскер

Д)  ат

Е) жауынгер

 9. Футбол командасында неше ойыншы болады?

А) 10

В)  11

С)  12

Д)  9

Е)  13

10. Реттік сан есімнің жұрнағын табыңдар.

А) –ау, -еу

В) –ыс,-іс

С) –ншы, -нші

Д) –дай, -дей

Е) –нан, нен

11.  Азияда  қысқы спорттық ойындардың қанша түрі қамтылды.

А) 8

В) 9

С) 10

Д) 11

Е) 12

12. Заттын санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңдар.

А) сан есім

В) сын есім

С) зат есім

Д)  есімдік

Е) етістік

 13. Ұлттық спорт түріне жатпайтынын табыңдар.

А) көкпар В) шаңғы тебу С) теңге алу Д) аударыспақ Е) асық

14. Сөйлемді аяқтаңдар. 2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері ...

А) алау эстафетасы ұйымдастырылды

В) Отанымызды танытты

С) Азиада ойындары өткізілді

Д) Алматыда жасалды

Е) кәсіби әртістер қатысты

15. Футбол сөзі қай тілден енгенін табыңдар.

А) орыс В) ағылшын  С) неміс   Д) француз   Е) қытай

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша  7-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы

Мақсаты: оқушылардың бөлім бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

Лексикалық тапсырмалар:

  1. «Ұлттық аспаптар» тақырыбына байланысты 5-сөз жазыңдар.
  2. Музыкаға қатысты кірме сөздерді жазыңдар.
  3. Берілген сөздердің аудармасын жазыңдар.

Критик, свирель, особенность, исполнять, наследие.

  1. І нұсқа: Ұлттық аспаптың түрінен үрмелі аспапты жазыңдар.

ІІ нұсқа: Жеті ішекті шертпелі музыка аспабын жазыңдар

     5.«Қазақ сазгерлері»  деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.

 

Грамматикалық тапсырмалар:

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер

І нұсқа: Өздік етістің жұрнақтары қандай? Мысал келтіріңдер

ІІ нұсқа: буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жазыңдар. Мысал келтіріңдер.

  1. Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдаңдар

І нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.

ІІ нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.

  1. Сөйлемдегі жалқы есімді септеңдер.

І нұсқа: Құрманғазы Сағырбаев-қазақтың күйші композиторы.

ІІ нұсқа: Дина Нүрпейісова-домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.

  1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа. Қазақстанда алғашқы музыкалық мектептер 1934 жылы Алматы қаласында ашылды.

ІІ нұсқа. Халық әндері адамды адамгершілікке тәрбиелейді.

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант

Мақсаты: оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін  нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.

 

                                                   Интернет туралы ұғым

     Интернет-жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған. Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдерді біріктіреді.
     Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.  (65 сөз)
(Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев.  kaz.osh-18.kz )

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған тақырыптық тест

Мақсаты: оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау,  қорытындылау.

1.  Дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы қалай аталады

А)  компьютер

В)  модем

С)  интернет

Д)  электронды пошта

Е) сайт

2.Күрделі сан есімді табыңыз.

А) Мыңдап  

В) елулерде 

С) жүз 

Д) екеу

Е) екі бүтін оннан үш 

3.  Интернет қайда пайда болды?

А)  Еуропада

В)  Ресейде

С)  Францияда

Д)  Қазақстанда

Е)  АҚШ-та

4. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

А) беске

В)  алтыға 

С)  үшке

Д) екіге

Е)  жетіге

5.  Интернет арқылы не істеуге болмайды.

А)  соңғы жаналықтарды оқу

В)   ауа райы туралы мәлімет алу

С)  тауарға тапсырыс беру

Д)  ұшақ билетіне тапсырыс беру

Е)  тамақ жіберу

6.Қате жазылған шылауды табыңдар.

А) Сіз оқисыз ба?

В) Келеді ау деймін

С) Ақ пен қара

Д) Сен  ше?

Е) Олар

7. Интернет желісіне қосылу үшін не қажет?

А)  сайт

В) модем

С) телефон

Д) үстел

Е) жұмыс

8. Асан  әке ..... әңгіме оқыды.

А) сияқты

В) және

С) туралы

Д) әрі

Е) сияқты

 9. Электронды поштаның қызметін анықтаңдар.

А) Веб-тораптар жиынтығы

В) сілтемелер жасайды

С) керекті мәлімет іздейді

Д) түрлі хаттарды жөнелтеді

Е)  файлдарды өшіреді

10. Берілген сөйлемдегі етіс  түрін табыңдар.Бапкерлер ақылдасты.

А) Өздік етіс

В) өзгелік етіс

С) ырықсыз етіс

Д) ортақ етіс

Е) ашық рай

11.  Бізге интернет не үшін керек емес?

А) құжаттарды қабылдау үшін

В) тауарды сатып алу үшін

С)  ұйықтау үшін

Д) ауа райын білу үшін

Е) видео материалдарды жіберу үшін

12. Берілген  қатардан буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңдар.

А) күйші

В) өлең

С) сазгер

Д) ән

Е)  әнші

 13. Компьютерде отырғанда неше минут сайын  көзге жаттығулар жасау керек?

А) 5-10

В) 10-15

С) 20-25

Д) 30-40

Е) 1 сағат

14. Берілген сөйлемді толықтырыңдар.  Ән..........

А) тартылады  В) қол соғады  С) ойнаймыз Д) айтамыз Е) оқимыз

15. Орыс тілі арқылы енген кірме сөзді табыңдар.

А) ән В) күй С) музыка  Д) өлең   Е) тақпақ

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы.

Мақсаты: оқушылардың тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

І  Лексикалық тапсырмалар.

1 .Интернет   қызмет   түрлерін жазыңыздар.

2.Интернет құрамына  кіретін   элементтерді  атаңыздар.

3.Берілген  тақырыпқа  диалог  құрастырыңыз. «Электронды пошта»

4.Сайттың түрлерін жазыңдар.

                                     Сайт түрлері

5.Сіз   қандай сайтты пайдаланасыз?

 

ІІ  Грамматикалық тапсырмалар.

1. Синтаксистік  талдау жасаңыздар.

      І нұсқа       Интернет  осыдан 25 жыл бұрын   АҚШ-та пайда болды.

      ІІ  нұсқа     Ол әскери зерттеулерді  қамтамасыз ету үшін құрылған.

2. Етістікті  ауыспалы  осы шаққа   қойыңыздар.

       І нұсқа       пайда  болу,  құрылу,бағалау.

       ІІ нұсқа      іздеу,  қосу,  кіру.

3. Сөйлемде берілген  сан есімдерді   реттік, болжалды, топтау    түріне  айналдырыңыз.

    І  нұсқа  Компьютерде отырған  әр 20-25 минут сайын көзге   жаттығулар

жасау   керек.

      ІІ  нұсқа  Көз бен компьютердің  арақашықтығы  60-70 см  болу керек.

4. Берілген сөздерге   фонетикалық  талдау  жасаңыздар.

        І  нұсқа    құжат                                                ІІ  нұсқа   жіберді

5. Берілген  тұйық етістікті   септеп, тәуелдеңіздер.

         І нұсқа   құрылу                                            ІІ  нұсқа  жіберу

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін, жыл бойы өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындау. Тапсырмалар арқылы қазақ тілінен алған білімдерін тексеру. Сауатты жазуға баулу.

 

Интернеттiң негiзгi қосымшалары.

   Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.

   E-mail-электрондық пошта.  Желі тұтынушылары арасында  мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен  жүзеге асырылады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды  жеткізе аласыз. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін  теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен,  сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен  араласуға болады. (63 сөз).

(Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев.  kaz.osh-18.kz )

Тапсырмалар:

А.

1.  Берілген сөйлемнен тұйық етістігін тауып, етістіктің үш шағына қойыңдар.

 І нұсқа. Желі тұтынушылары арасында  мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.

ІІ нұсқа. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен,  сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен  араласуға болады.

Үлгі:

Нақ осы шақ

Келер шақ

Жедел  өткен шақ

 

 

 

2.Мәтіннен күрделі сөздерді теріп, қай түріне жататынын жазыңдар.

3. Берілген сөзге тәуелді септеу жасаңдар.

І нұсқа: көмегі

ІІ нұсқа: поштам

В.

1.  Асты сызылған күрделі сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.

І нұсқа. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.

ІІ нұсқа. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін  теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны.

2.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І нұсқа: Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен  жүзеге асырылады.

ІІ нұсқа: Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды  жеткізе аласыз.

С. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңдар.

І нұсқа. «Интернет құрылысы». ІІ нұсқа. «Электронды пошта»

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сынып

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған алғашқы бақылау                 жұмысы

 

Мақсаты: 7-сыныпта  өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін нақтылап тексеріп, қорытындылау және сауатты жазуға баулу,білім деңгейін анықтау.

 

Диктант.

 

         Менің туған жерім – Қазақстан. Қазақстан жері кең-байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр. Біздің еліміз Ресей, Қытай, Қырғыстан, Түркіменстан және Өзбекістан елдерімен шектеседі.

         Қазақ жерінде өзендер мен ормандар, таулар мен жазық дала, көлдер мен шөлдер бар. Республикамыз түрлі өсімдіктер мен жан-жануарларға да өте бай. Пайдалы кең қазбаларының бәрін табуға болады.

         Қазақстанның ауа райы құрғақ. Таулы аймақтарда ылғал молдау.

                                                              (63 сөз) А.Ш. Бектурова. Ш.К. Бектуров)

Тапсырмалар:

 

ІІІ деңгей.

1. Мәтіннің тақырыбын ашатын 3 сұрақ қойыңыз.

2. І-нұсқа: Мәтіннен сапалық сын есімдерді теріп жазыңыз.

    ІІ-нұсқа: Мәтіннен қатыстық сын есімдерді теріп жазыңыз.

3. Берілген сөздерді септеңіз

    І нұсқа: өзен

    ІІ  нұсқа: орман

 

ІІ деңгей.

  1. Морфологиялық талдау жасаңыз.

І-нұсқа- пайдалы

ІІ-нұсқа- кең-байтақ.

  1. Мәтіндегі етістіктерді рай категориясына (2 жақ, өткен шақ) қойып жазыңыз.

І нұсқа – қалау райға айналдыру;

ІІ нұсқа – шартты райға айналдыру.

І деңгей.

Әңгіме құрастыру. Өз туған қалаң туралы не білесің? (қаланың тарихы, табиғаты, өнеркәсібі және т.б.)

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант

 

 

Мақсаты: оқушылардың бөлім бойынша  алған білімдерін жинақтап, сауаттылықтарын тексеру, білім деңгейін анықтау.

 

Ауылда.

 

      Өткен демалыс күні ауылдағы нағашы апамның үйінде болдым. Сөйтіп апам мен атама көмектестім. Ауылдағы өмір өте қызық. Ерте әтештің шақырған  дауысымен  ояндым. Апам бие сауып жатыр екен. Атам малдарды жайлауға шығарып жатыр екен. Мен сиырларды  өріске қосып келдім. Сосын атам екеуіміз қозы– лақтарды қораға шығарып, құстарға  жем  салдық. Осы кезде апам бізді дастарханға шақырды. Барлығымыз  жазғы ас үйде отырып таңғы асымызды іштік. Апам бәрімізге үлкен кесемен ыстық сүт құйып берді. Сосын біз атам екеуіміз шөп шаптық. Кешке достарыммен алтыбықан тептік. Осылайша, бір күннің қалай өткенін білмей қалдым.                                                                                                           

 

                                       (87 сөз) Диктанттар жинағы. 1998 жыл.

 

 

 

 

                                                                                                   

   Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау

 

Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

І Лексикалық тапсырмалар:

  1. Қазақ отбасындағы туыстық атауларға сипаттама беріңдер.
  2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңдар.

     а) Арыңды жасыңнан сақта. 

б) Ең алдымен ойлаң,онан кейін істе.       

в) Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.       

     3. Үйде ас әзірлеуге анаңа көмектесесің бе? Қандай ас дайындай аласың?

     4. Жазғы демалыста ата-әжелеріне барасыңдар ма? Оларға кандай көмек бересіңдер? Бұл тақырып бойынша бірнеше сөз тіркесін жазыңдар.

     5. Өз отбасыларың туралы шағын әңгіме құраңдар.

 

ІІ  Грамматикалық тапсырмалар:

1.Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтаңдар.

Жұмыс аяқталған соң, біз қайтуға кірістік.

Ол тілалғыш бала, өйткені ол ата-анасына көмектеседі.

Мен кітапты көп оқып, бұл кітаптардағы әңгімелерді әжеме айтып бердім.

Олар дайындалды, қонақтары келмеді.

2. Кілемдерді,  жинауға – сөз құрамына қарай талдаңдар.

3. Берілген сөйлемдерде есімшені табыңдар.

Мен жазғы демалысымда ата-әжеме баратын болдым.

Ауылда өткізген күндерім тамаша болды.

4. Сөйлемдегі сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңдар.

Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

Адам бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады.

  1. Етіс туралы түсінік беріңдер.  Етіс түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіріндер.

    

 

 

 

 

  Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант

 

 

Мақсаты: оқушылардың бөлім бойынша  алған білімдерін, сауаттылықтарын тексеру.

                                             Тамақ түрлері.

 

              Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек. «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпады. Тамақ арқылы адам ағзалары белок, май, көмірсу, минералдық заттар, түрлі витаминдер қамтамасыз етіледі.

              Біздің қандай тамақ түрін жейтініміз тұрған жерімізге байланысты. Қытайдың оңтүстігінде күріш, ал солтүстігінде кеспені көбірек жейді. Жапон елінде адамдар балық, Орталық Еуропада ет тағамдарын молырақ пайдаланады.

                Қазіргі кезде азық-түлікті жер шарының бір түкпірінен екінші түкпіріне тасымалдауға болады. Сондықтан тамақтың қай түрін жегің келсе,

мүмкіндігін бар.

 (76 сөз) (А.Ш. Бектурова. Ш.К. Бектуров)

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған мазмұндама

 

ІІ тоқсан

Мақсаты: Қазақстан қалалары тақырыбы бойынша оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сауаттылығын тексеру, жазылым дағдыларын жетілдіру, тілдерін дамыту,  оқушылардың туған жерін, елін қадірлеуге, сүйе білуге тәрбиелеу.

 

         

Түркістан қаласы

 

          Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихы- мен тығыз байланысты. Орта ғасырларда Қазақ хандығының ордасы болады. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.

         Қазір Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.

          Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор. 

 

 

(83 сөз)  (Газет материалдарынан)

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған аралық бақылау

 

Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін жинақтап, сауаттылығын тексеру, білімдерін анықтау.

 

Астана – бас қала

 

1998 жыл­дың 6  ма­мыр­да  Ақмола  қаласын  Ел­ба­сының  жар­лығымен  ҚР-ның ас­та­насы —  Ас­та­на қаласы бо­лып атал­ды.

          Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

       Қазір Астана – Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.. Ол - өте көркем қала.

(83 сөз) Диктанттар жинағы.1998 ж.

                                                     

Тапсырмалар.

 

 

ІІІ деңгей.

1. Мәтіннің тақырыбын ашатын 3 сұрақ қойыңыз.

2.   І-нұсқа: Мәтіннен тәуелденген сөздерді теріп жазыңыз (жағын анықтаңыз)

      ІІ-нұсқа: Мәтіннен септелген сөздерді теріп шығыңыз. (септік түрін жазыңыз) 

  1. Сөз құрамына талдаңдар.

І-нұсқа. Егеменді, Қазақстан, Республикасының.

ІІ-нұсқа. Қаласын,  Ел­ба­сының,  жар­лығымен.

ІІ деңгей.

1. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп шық және жасалуын анықтаңыз. (орташа 4-5 сөз)

2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз және құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыз

    1998 жыл­дың 6  ма­мыр­да  Ақмола  қаласын  Ел­ба­сының  жар­лығымен  ҚР-ның ас­та­насы —  Ас­та­на қаласы бо­лып атал­ды.

І деңгей.

1. Отан туралы мақал-мәтелдерді жатқа жазып, біреуінің мағынасын түсіндір.

 

 

 

 

 

 

8- сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.

 

Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

І Лексикалық тапсырмалар:

 

1.Тамақтанудың қандай ережелерін сақтау керек? Оларды атап шық ( 6 ереже)

2. Мектеп асханасы қалай безендірілгені туралы 3 сөйлем құрастыр.

3. Солтүстік Қазақстан өнеркәсібі туралы тірек сызба жасаңдар.

4. Қазақ елінің бас қалаларын атап шығыңдар. (орта ғасырдан бастап)

5. Тұрғылықты қалаларын туралы диалог құраңдар.

 

ІІ Грамматикалық тапсырмалар:

1 Біріккен сөздерден тұратын қала атауларын жазып, құрамына қарай талдаңдар.

2. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қойып, синтаксистік талдау жасаңдар: 1929 жылы Қазақстан..... астанасы Қызылорда..... Алматы... көшті.

3. Сөздерді септеңдер: Тағам, сәбіз.

4. Сөйлемдерге екі тәсілмен сұрақ қойыңдар.

Қазақстанда көрікті қалалары көп.

Біздің өлкеміздіз табиғаты тамаша.

5. Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

Тамақта адам денесіне қажетті әр түрлі (витамины) болады.

Алматы қаласында (микрорайоны) баршалық.

Бәйтерек ашылып келе жатқан (тюльпан) сияқты.

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант

 

Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

Есентай Ерботин

          Есентай Ерботин 1940 жылы 13 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылында колхозшы шаруаның отбасында дүниеге келген. 1959 жылы онжылдық мектеп бітіріп, әскери қатарға шақырылған. Есентай Ерботин Қарағандыдағы педагогикалық институтың филология факультетін 1967 жылы бітіріп, біраз уақыт ауылда мұғалім болады.

Әдебиет мұғалімі Е.Ерботин енді өзін журналистика саласында байқап көргісі келеді де облыстық «Қызыл ту» газетінде және кейіннен Павлодар облысындағы Қазақ радиосының тілшісі болып жұмыс істейді.

Есентай Ерботин көптеген кітаптардың авторы, ақынның «Серік пен Берік», «Менің досым», «Далаға саяхат» сияқты шығармалары оқырмандарға таныс. Еңбектерінің бірі – «Балалар бала болғанда» атты жинағы

(85 сөз) (Интернет желісінен)

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған тақырыптық тест.

ІІІ тоқсан

Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

1. Ілияс Жансүгіров қай жерде дүниеге келді?

А) Маңғыстау облысы

Б) Алматы облысы

С) Қарағанды облысы

Д) Талдықорған облысы

Е) Қызылорда облысы

2. Өтебай Тұрманжанов өлеңдері қай басылымға шыға бастады?

А) «Қазақ» газетіне

В) «Серке»газетіне

С) «Дала уәлияты»газетіне

Д) «Ақ жол»газетіне

Е) «Комсомол»газетіне

3. Мұқан Иманжанов кім?

А) ақын

В) жазушы

С) сатирик

Д) драматург

Е) режиссер

4. Мұзафар Әлімбаевтың алғашқы кітабы қалай аталады?

А) «Жарық жұлдыз»

В) «Маржан сөз»

С) «Қарағанды жырлары»

Д) «Көңіл күнделігі»

Е) «Үндемейтін ұл»

5. Балаларға танымал «Менің атым-Қожа»повесінің авторы кім?

А) Ілияс Жансүгіров

В) Өтебай Тұрманжанов

С) Мұзафар Әлімбаев

Д) Бердібек Соқпақпаев

Е) Мұқан Иманжанов

6.1927 жылы башқұрт елінде өмірге келген жазушыны табыңдар.

А) Ілияс Жансүгіров

В) Машқар Гумеро

С) Мұзафар Әлімбаев

Д) Бердібек Соқпақпаев

Е) Қадыр Мырзалиев

7. Машқар Гумеровтың Домбай атты кейіпкері қай шығармасында сомдалған?

А) «Ұя»

В) «Ерегес»

С) «Аңсау»

Д) «Құпия дәптер»

Е) Қасиетті тақия»

8. Мұқан Иманжановтың балаларға арнап жазған шығармалары қай уақыттан бастау алды?

А) оқып жүрген кезінде

В) қызмет жасай бастағанда

С) Ұлы Отан соғысы кезінде

Д) Алматыда оқып жүргенде

Е) мектеп бітірген соң

9. Машқар Гумеровтың Домбай атты кейіпкері қандай пәндерден қиналатынын табыңдар.

А) тарих,әдебиет

В) табиғаттану,тарих

С) ана тілі,математика

Д) математика,тарих

Е) табиғаттану,математика

10. «Баламен сырласу» өлеңінің авторын табыңдар.

А) Қадыр Мырзалиев

В) Қастек Баянбаев

С) Ескен Елубаев

Д) Сұлтан Қалиев

Е) НұрдәулетАқышев

9. Машқар Гумеровтың Домбай  атты кейіпкері қандай пәндерден  қиналатындарын табыңдар.

А) тарих,әдебиет

В) табиғаттану,тарих

С) ана тілі,математика

Д) математика,тарих

Е) табиғаттану,математика

10. «Баламен сырлану»өлеңінің авторын табыңдар.

А) Қадыр Мырзалиев

В) Қастек Баянбаев

С) Ескен Елубаев

Д) Сұлтан Қалиев

Е) Нұрдәулет Ақышев

11. Қай сөйлемнің құрамында жалқы есімдер қатысқан?

А) Ертең мен емтихан тапсырамын.

В) Кеше неге келмедің?

С) Сіздің атыңыз кім?

Д) Алақай, апам келе жатыр!

Е) Әлия Семей қаласындағы Абай мұражайына барды.

12 Етістігі жедел өткен шақ тұлғасында тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ертеде бір қария болыпты.

В) Екінші сабақтан кейін үзіліс болады.

С) Баянауылға дейін автобуспен келдім.

Д) Менің досым Алматыда тұрады.

Е) Кеше ерте тұрыппын.

13 Етістігі қалау райда тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Мен келесі аптада Көкшетауға барамын.

В) Студенттер университетке бара жатыр.

С) Ертең маған келіп кетерсің.

Д) Кеше қызықты кітап оқыдым.

Е) Ұлттық мұражайға барғым келеді.

14 Тұйық етістіктің жұрнағын табыңдар.

А) –ып

В) –у

С) –а

Д) –ар

Е) –ма

15 Шартты райдың жұрнағын анықта.

А) –са, -се

В) –да, - де

С) –та, -те

Д) –ла, ле

Е) –қа, - ке

16. Асты сызылған  сөз қай шақта тұрғанын анықта. Түнде жаңбыр жауады.

А) нақ осы шақ

В) өткен шақ

С) келер шақ

Д) ауыспалы өткен шақ

Е) ауыспалы осы шақ

17. Болымсыз етістікті тап.

А) Ол демалды.

В) Айтқанын ұмытпа.

С) Қайдан табылған екен?

Д) Терезесін ашты.

Е) Қуыршақпен ойнады.

18. Жалқы есімді табыңыз.

А) Бұлақ В) Темір С) Өзен Д) Алматы Е) Қамшы

19. Жалқы есім бар сөйлемді табыңыз.

А) Келген адамдар сәлем бере бастады.

В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.

С) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.

Д) Үстінде кестелген ақ көйлек.

Е) Кісі өлген қаралы ауыл.

20. Мына сөздерден жалпы есімді табыңыз.

А) Бөрібасар В) Жетіқарақшы С) Зәуреш Д) Тау Е) Көкшетау.

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау

 

Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

  І.Лексикалық тапсырмалар:

 

1 Мына сөздермен сөйлем құрастырыңдар:

   Жазушы, өлеңдер, әйгілі

2 Сөздердің сәйкестігін табыңдар:

тілші                                                             размышления

оқырман                                                       читатель

толғаулар                                                     корреспондент, журналист

Кеңес Одағының батыры                            Союз писателей

меншікті тілші                                             вдохновение

шабыт                                                           награжден 

марапатталған                                             собственный корреспондент

Жазушылар одағы                                      Герой Советского Союза

3 Қандай қазақ балалар журналдарын білесіңдер?

4 Ілияс Жансүгіров туралы не білесіңдер?

5 Қазақстанның көрікті жерлерін атап шығындар.

 

ІІ Грамматикалық тапсырмалар:

 

1. Берілген сөздердің антонимін жазыңдар: жиі, бітірді, тұңғыш.

2. Берілген сөздердің синонимін табыңдар: әлем, дүниеге келу.

3. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: аударған

4. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:

Әлімбаев Мұзафар 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген.

5. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

байлық, табиғаттың, денсаулыққа, сақтаймыз.

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІV тоқсандық  диктант

 

Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

Досымның  күн тәртібі

 

Менің досым – Әсет. Ол сегізінші сыныпта оқиды. Ол - өте ұйымшыл бала. Оның жұмыс күні сағат жетіден басталып, кешкі онға дейін созылады. Таңертеңнен түске дейін сабақтар өтеді. Сонда сабақтарға белсенді қатысып жақсы баға алуға тырысады.

Ең жақсы көретін уақыты – сабақтан кейінгі уақыт. Әсет сурет салуды жақсы көреді, сондықтан «Суретшілер» тобының мүшесі. Біз мейрам күндері, сыныптастарымыздың туған күні қарсаңында қабырға газетін шығарамыз. Біздің суретіміз құрбы-құрдастарымыздың көңілінен шығады. Осы уақыт аралығында ол тоқтамай жұмыс жасай береді. Ол сыныптастарына әрдайым көмектесіп жүреді.

Мен өз досымды мақтан етемін.

(84 сөз) (Интернет желісінен)

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған тақырыптық тест.

ІV тоқсан

Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

  1. Электронды пошта қай жылдан бастап қолданылып келеді?

А) 1965

В) 1966

С) 1967

Д) 1968

Е) 1969

2. Берілген сөйлемнен сын-қимыл үстеуді табыңдар. Біз электронды поштаға лезде үйрендік.

А) пошта

В) лезде

С) үйрендік

Д) электронды

Е) біз

3. Электронды поштаның тасымалдайтын ақпарат түрлеріне қайсысы жатпайды?

А) ақпарат

В) бағдарлама

С) хат

Д) табиғат байлықтары

Е) чат

4. Электронды поштаны қолдану арқылы сандық формат..    ауысатындардың барлығын жіберуге болады. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын жалғаңдар.

А)-ға

В)-ге

С)-қа

Д)-ке

Е)-да

5. Е-маіл сыпайлық ережелері жеке хаттардың барлығына .......

ішінде жауап қайтарылуын талап етеді. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

А) бір тәулік

В) екі тәулік

С) бір жарым тәулік

Д) өзіңе байланысты

Е) ұш тәулік

6. Электронды пошта ...... келетін хаттар тармағын шертіңіз.

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар.

А) терезеге

В) терезелер

С) терезесіндегі

Д) терезе

Е) терезенің

7. Мақалды аяқтаңдар.

Отансыз адам-

А) Әке балаға сыншы

В) Балалы үй-базар

С) Шешеге қарап қыз өсер

Д) Не қылсаң,сол келер

Е) Ормансыз бұлбұл

8. Керекті әріпті қойып белгілеңіз.

Бізді... кітапханашы...ыз – өте мейірімді адам.

А) ң, м

В) қ,т

С) к,т

Д) с,с

Е) н,т

9. Бастауыштың сұрақтарын анықтаңыз.

А) Кім?Не?

В) Қайда?Қалай?

С) Кімге?Неге?

Д) Кімнің?Ненің?

Е) Не істейді? Қайтті?

10. Берілген сөздерге тиісті сөз тудырушы жұрнақтарды белгілеңіз

Бас,көз.

А)-ты,-лы

В)-та,-де

С)-тік,-ге

Д)-лық,-тік

Е)-ны,-те

11. Берілген сөз тіркестеріндегі етістіктің түрін көрсетіңіз.

Сумен ойнама,отпен ойнама.

А) болымды

В) болымсыз

С) тұйық

Д) салт

Е) сабақты

12. Себеп үстеулі сөз тіркесін табыңыз.

А) нағыз жігіт

В) әдейі келді

С) біле тұра айтты

Д) бірталай жүрді

Е) текке айтты

13.Сөз тіркестерінен салыстырмалы шырайды табыңыз

А) жасыл жайлау

В) көк аспан

С) ақ боз ат

Д) ақшыл боз айғыр

Е) қатты нан

14. «Қоян жүрек» тұрақты сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз.

А) адал

В) таза

С) момын

Д) арам,қу

Е) қорқақ

15. «Қатты» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) жасырын

В) жұмсақ

С) белгісіз

Д) жабық

Е) жұмбақ

16. «Ойыншықтар» сөзіндегі үнді дауыссыз дыбыс саны қанша?

А) 5

В) 6

С) 3

Д) 2

Е) 4

17. Толықтауышты белгілеңіз.

Кеше Шоқан ағасымен көп сөйлесті.

А) кеше

В) көп

С) Шоқан

Д) ағасымен

Е) сөйлесті

18.  Туынды зат есімді анықтаңыз

А) күз

В)күткен

С) мектеп

Д) күтім

Е) көбелек

19. Көп нүктенің орнына тиісті септеулікті қойыңыз.

Мен кітапханаға .....  Маратпен бірге бардым.

А) үшін

В) сияқты

С) арқылы

Д) дейін

Е) туралы

20.  Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді анықтаңыз.

А) мектеп,қабырға  В) кеспе,сүзбе  С) дос,жолдас  Д) бала,оқушы Е) бауыр,бүйір

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау

 

Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

  І. Лексикалық тапсырмалар:

 

1 Мына сөздермен сөйлем құрастырыңдар:

   Электронды пошта,  Е-mаіl

2 Сөздердің сәйкестігін табыңдар:

Элетронды пошта                          связь

Хат                                                   сеть

Желі                                                 электронная почта

Байланыс                                         письмо

3 «Интернет желісі не үшін қажет?» деген сұраққа өз ойларыңды жазыңдар.

4 Өз күн тәртібін жоспарлаңдар.

5 Мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.       

  • Жақсы сөз - ...  .
  • Өнер алды - ...  .
  • Басқа пәле - ...  .
  • Тіл - ..  .
  • Ең тәтті де - ...  .
  • Ең ащы да - ...  . 

             Керекті сөздер: тіл, тиексіз, тілден, қызыл тіл, жарым ырыс.

 

ІІ. Грамматикалық  тапсырмалар:

1. Берілген сөздерге антоним жазыңдар: жылдам,  тұңғыш.

2. Берілген сөздердің синонимін табыңдар: Пайдалану, уақыт

3. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: жеткізілді

4. Мына сөйлемдермен 1 сабақтас құрмалас сөйлем жасаңдар.

Электронды поштаның пайда болуын 1965 жылы жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк – технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды.

5. Берілген сөйлемдерден модаль сөздерді табыңдар.

1. Рас, Ділдәні Абай сүйіп қатқан жоқ. 2. Мүмкін, олар үйде жоқ. 3. – Иә, мен де солай ойлаймын. 4. Бүгін бізге оқулықтар мен дәптерлер керек. 5. Маған жасыл түсті алма сияқты бір жемісті көрсетті.

 

 

 

 

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған жылдық бақылау

 

Мақсаты: оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан тоқсанда алған білімдерін тексеру.

 

Алтын ұям - мектебім

 

               Қыркүйек айы жақын қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды таза сыныптар, сырланған есік, терезе, парта, тақта күтіп тұрғандай. Жаз бойы дем алып тыныққан оқушылар көтеріңкі көңілмен мектептеріне сағынышпен оралды. Мен өзімнің Павлодар қаласының № 34 мектебімді өте жақсы көремін. Ол төрт қабатты. Біздің мектеп өте биік, әдемі. Мектептің сыныптары кең, жарық, таза. Мектепте компьютер сыныптары бар. Мектепте өте білімді мұғалімдер сабақ береді. Мектептің үлкен спортзалы бар. Ол еш уақытта бос тұрмайды.

                    Біздің мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Олар: экологиялық, қуыршақ, елтану, қолөнер, дене шынықтыру үйірмелері. 

 

(84 сөз) (Интернет желісінен)

 

ІІІ деңгей. 

1. Мәтінді негізге ала отырып, 3 сұрақ құрастырыңыз.

2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

І – нұсқа. Мектеп, сынып

ІІ – нұсқа. Оқушы, мұғалім

3.Мәтіннен  есімдіктерді теріп, түрлерін ажыратыңыз.

 

ІІ деңгей.

1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

І нұсқа. Біздің мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді

ІІ нұсқа. Мен өзімнің Павлодар қаласының № 34 мектебімді өте жақсы көремін.
2. Мәтіндегі жай сөйлемдермен 1 құрмалас сөйлем құрастырыңдар.

 

І деңгей.

  1. «Менің демалыс күнім» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар

 

 


Текст