Текст
Ақмола облысының білім басқармасы 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа балаларды қабылдау 10 маусымда басталатынын хабарлады. Құжаттарды қабылдау үдерісі Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылып, 31 тамызға дейін жалғасады.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, биыл «1-сыныпқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылады.